Том Леффлер Головкин - "Канело" жекпе-жегі туралы дауға соңғы нүктені қалай қою керектігін айтты

20 Қараша 2017, 09:18
0
Том Леффлер Головкин - "Канело" жекпе-жегі туралы дауға соңғы нүктені қалай қою керектігін айтты - Сурет ВКонтакте желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобынан
Сурет ВКонтакте желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобынан

Қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен GGG арасындағы қарымта кездесудің маңызы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

"Геннадий қысымға алды, ал Альварес соққының дәлдігіне ғана сенді. Кім жеңгені туралы дауға нүкте қоюдың жалғыз жолы - қарымта кездесу. Эрик Гомеспен (Альварестің промоутері) бірге үнемі байланыстамыз және бәрін реттей аламыз. Бірінші жекпе-жек сәтті болғандықтан, екіншісін ұйымдастыру қиын болмас. Егер инко де Майода (5 мамырда) қарымта кездесу өткізе алсақ, бұл жанкүйерлерге сыйлық болады. Головкиннің командасына сенімдімін, алайда, "Канелоның" атынан сөйлей алмаймын. Эрик мұны басты мақсаттардың бірі деген еді", - дейді Леффлер FightHub басылымына берген сұхбатында.

Мұның алдында Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя қарымта кездесуді 5 мамырда өткізуге дайындалып жатқаны туралы айтқан.

Еске салайық, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен болатын. Жекпе-жек 12 раундқа созылып, тең аяқталған. Бұл кездесу арқылы қазақстандық боксшы атағын қорғап қалғанымен, жеңісті жолын үзіп алды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай