Леффлер Головкин мен Альварестің реваншы қашан өтетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Леффлер Головкин мен Альварестің реваншы қашан өтетінін айтты © Тұрар Қазанғапов, Vesti.kz

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өтетін реванштың жаңа мерзімін атады, - деп хабарлайды Vesti.kz Los Angeles Times басылымына сілтеме жасап.


Промоутердің айтуынша, кездесу мексикалықтың шеттетілу мерзімі аяқталған соң бірден ұйымдастырылады.

"Бастапқыда біз Головкиннің 5 мамырда өтетін кездесуде жеңіске жететініне көз жеткізуіміз керек. Сосын барып қана Golden Boy Promotions (Альварестің мүддесін қорғайтын промоутерлік компания - прим. ред.) компаниясымен келіссөздер жүргізіп, қыркүйекте жекпе-жек ұйымдастырамыз", - деді Леффлер.

"Головкин Мартиросянді жеңбесе, "Канеломен" жекпе-жек өткізу жайлы әңгіме де болмайды. Геннадий өз күшін жинақтамаса, Мартиросянмен өтетін кездесу қауіпті болуы мүмкін", - деді промоутер.

Кеше, 18 сәуірде, Головкин америкалық Ванес Мартиросянмен жұдырықтасатынын жария еткен еді.

Кездесу 5 мамырда Лос-Анджелес маңындағы Карсон қаласының StubHub Center аренасында өтеді. Билеттер сатылымға бүгін түседі.

31 жастағы Мартиросян Арменияда туған, жеті жасында отбасымен АҚШ-қа көшкен. 2001 жылы ол АҚШ-тың атынан Афинадағы Олимпиадаға қатысып, екінші айналымда шығып қалған. Бұдан кейін Мартиросян кәсіпқой боксқа ауысқан

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +40
Астана +29
Ақтау +26
Ақтөбе +24
Атырау +29
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +30
Қ
Қарағанды +25
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +31
П
Павлодар +24
Петропавл +33
С
Семей +41
Т
Талдықорған +36
Тараз +40
Түркістан +27
О
Орал +33
Ө
Өскемен +42
Ш
Шымкент +36

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер