Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өтетін реванштың жаңа мерзімін атады, - деп хабарлайды Vesti.kz Los Angeles Times басылымына сілтеме жасап.
Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өтетін реванштың жаңа мерзімін атады, - деп хабарлайды Vesti.kz Los Angeles Times басылымына сілтеме жасап.
Промоутердің айтуынша, кездесу мексикалықтың шеттетілу мерзімі аяқталған соң бірден ұйымдастырылады.
"Бастапқыда біз Головкиннің 5 мамырда өтетін кездесуде жеңіске жететініне көз жеткізуіміз керек. Сосын барып қана Golden Boy Promotions (Альварестің мүддесін қорғайтын промоутерлік компания - прим. ред.) компаниясымен келіссөздер жүргізіп, қыркүйекте жекпе-жек ұйымдастырамыз", - деді Леффлер.
"Головкин Мартиросянді жеңбесе, "Канеломен" жекпе-жек өткізу жайлы әңгіме де болмайды. Геннадий өз күшін жинақтамаса, Мартиросянмен өтетін кездесу қауіпті болуы мүмкін", - деді промоутер.
Кеше, 18 сәуірде, Головкин америкалық Ванес Мартиросянмен жұдырықтасатынын жария еткен еді.
Кездесу 5 мамырда Лос-Анджелес маңындағы Карсон қаласының StubHub Center аренасында өтеді. Билеттер сатылымға бүгін түседі.
31 жастағы Мартиросян Арменияда туған, жеті жасында отбасымен АҚШ-қа көшкен. 2001 жылы ол АҚШ-тың атынан Афинадағы Олимпиадаға қатысып, екінші айналымда шығып қалған. Бұдан кейін Мартиросян кәсіпқой боксқа ауысқан