04 маусым 2018 09:48

Алматыдағы караоке-бар қожайынының өлімі: Сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында караоке-бар қожайыны Бек Турекеевті өлтірді деген күдіктілерге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында караоке-бар қожайыны Бек Турекеевті өлтірді деген күдіктілерге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Сот алдында екі жігіт жауап берді. Тағы бір күдікті қаладан кетпеу туралы қолхатпен жүрді.

"Сот Н. мен Л. есімді күдіктілерді ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабынң 2-бөлігі ("Адам өлтiру") бойынша айыпты деп танып, осы бап бойынша олардың әрқайсысын 15 жылға бас бостандығынан айырды. Олар жазаларын максималдық деңгейді қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сондай-ақ, сот сотталушы қызды 293-баптың 1-бөлігі бойынша ("Бұзақылық") айыпты деп танып, 2 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды, мұнымен қоса, екі жылға пробациялық бақылау белгіледі ", - деп оқыды үкімді судья Қасым Қалмағамбетов.

Осыған дейін мемлекеттік айыптаушы күдіктілерді 15 жылға, ал қызды бір жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Еске сала кетейік, былтыр желтоқсан айында Алматы орталығында караоке-бардың иесін белгісіз біреулердің өлтіріп кеткені хабарланған болатын. "Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Л. және Н. есімді екі ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау абақтысына қамалды және жасаған қылмыстарын мойындап жатыр", - деп хабарлаған еді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ал кейінірек өлтірілген бизнесменнің жесірі прокуратураға арыз жазған болатын. "Қылмыстық істі ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігінен ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3,7,9 бөлітеріне ауыстыруын сұраймын. Яғни, "кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан" қылмысқа өзгертуін сұраймын. Сондай-ақ, осы төбелеске қатысты басқа да адамдардың (екі жігіт пен бір қыз) жауапкершілікке тартылуын талап етемін", - делінген еді Ләззат Нұрымованың прокуратураға жазған хатында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети