Алматыда караоке-бар қожайынын өлтірді деген күдіктілер 15 жылға дейін сотталуы мүмкін

05 Қаңтар 2018, 16:37
0
Алматыда караоке-бар қожайынын өлтірді деген күдіктілер 15 жылға дейін сотталуы мүмкін -

Полиция Алматыда өлтірілген караоке-бардың иесіне қатысты қозғалған бапты басқа бапқа ауыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тергеуші сотқа дейінгі тергеу аясында қылмысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігінен ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") 99-баптың 1-бөлігіне ("Адам өлтiру") ауыстырды", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД өкілдері.

Күдіктілер 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, осы іс бойынша бес адам күдікті ретінде танылды. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы орталығында караоке-бардың иесін белгісіз біреулердің өлтіріп кеткені хабарланған болатын. "Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Л. және Н. есімді екі ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау абақтысына қамалды және жасаған қылмыстарын мойындап жатыр", - деп хабарлаған еді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ал кейінірек өлтірілген бизнесменнің жесірі прокуратураға арыз жазған болатын. "Қылмыстық істі ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігінен ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3,7,9 бөлітеріне ауыстыруын сұраймын. Яғни, "кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан" қылмысқа өзгертуін сұраймын. Сондай-ақ, осы төбелеске қатысты басқа да адамдардың (екі жігіт пен бір қыз) жауапкершілікке тартылуын талап етемін", - делінген еді Ләззат Нұрымованың прокуратураға жазған хатында.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай