Лемье Головкинмен кездесуі алдында күшін көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лемье Головкинмен кездесуі алдында күшін көрсетті Давид Лемье. © boxingnews24.com

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездесуі алдында канадалық Давид Лемье өзінің жылдамдығы мен күшін көрсетті. Лемьенің жаттығу жасап жатқандағы видеоролигін Boxingscene.com басылымы жариялады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездесуі алдында канадалық Давид Лемье өзінің жылдамдығы мен күшін көрсетті. Лемьенің жаттығу жасап жатқандағы видеоролигін Boxingscene.com басылымы жариялады.

Спорт басылымдары мен бокс саласы мамандарының мәлімдеуінше, 26 жастағы канадалық боксшы Головкин үшін ең салмақты қарсыластардың бірі. Лемье IBF, WBO, WBA тұжырымдары бойынша орта салмақтағы үздік он боксшының қатарында. Ол 36 жекпе-жек өткізіп, оның 34-нде жеңіске жеткен, ал екеуінде жеңіліс тапқан.

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети