1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Левит жеңілісінен кейін қазақстандықтарға үндеу жасады 28 шілде 2021, 16:31

Қазақстандық боксшы Василий Левит қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: instagram.com/vassiliy_levit Фото: instagram.com/vassiliy_levit

Қазақстандық боксшы Василий Левит қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Левит Instagram желісіндегі парақшасында қазақстандықтарға үндеу жасады. 

"Мен үшін осындай қиын сәтте қолдау мен жылы сөздер үшін барлық оқырманым мен жанкүйеріме алғыс айтқым келеді! Жеңісті күндерде де, жеңілген сәтте де бірге болдыңыздар! Спорт - менің өмірім. Боксшыларда мынадай бір даналық бар: сүрінбейтін тұяқ болмайды.

Бұл даналық сөз өз мақсатына ұмтылған кез келген адамның өмірінде қолданылады. Бір соққыны ұстап тұру өте қиын, бірақ осындай қолдауды сезінген кезде бұл өмірде жалғыз емес екеніңді түсінесің!", - деп жазды Левит. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Василий Левит (@vassiliy_levit)

Еске салайық, Василий Левит Токио Олимпиадасында нокаутпен жеңілген болатын. Левит 91 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен. 1/8 финалда ол испаниялық Эммануэль Рейеспен жұдырықтасты. Екінші раундта испан боксшысы Левитті нокаутқа түсірді.

"Бабына келе алмады". Бас бапкер Левит пен Нұрдәулетовтің жеңілісіне қатысты пікір білдірді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram