19 наурыз 2017 13:33

Маған екі-ақ нәрсе керек: шоу мен белбеулер - Геннадий Головкин

ПОДЕЛИТЬСЯ

© HBO.com © HBO.com

Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF, IBO титулдарының иегері Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) әлі де мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (48-1-1, 34 КО) кездескісі келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Бұл туралы Головкин америкалық Дэниэл Джейкобсты қазылар алқасының бірауыздан берген жеңісінен кейін мәлімдеді. Төртінші раундта GGG қарсыласын нокдаунға түсірген еді.

"Иә, "Канеломен" жұдырықтасқым келеді. Жыртқыш аңдай ашпын. WBO чемпионы Билли Джо Сондерс келесі қарсыласым бола ма? Мансап жолымда маған екі-ақ нәрсе керек: шоу мен белбеулер. Маған ірі жекпе-жектер ғана емес, сапалы кездесулер қажет. Кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайынмын", - деді Головкин.

Ал осының алдында Қуат "Найман" Хамитов Головкинге бокстан кетуге кеңес берген болатын.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын. Жекпе-жектің толық видеосын мына жерден көре аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети