11 қаңтар 2017 23:46

Маман Альварес пен Ислам кездессе кімнің жеңетінін кесіп айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Eurosport © Eurosport

Қазақстандағы Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz сайтына берген сұхбатында қазақстандық боксшы Қанат Ислам мен әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасында болуы мүмкін делінген жекпе-жек туралы өз пікірін білдірді. 


Қазақстандағы Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz сайтына берген сұхбатында қазақстандық боксшы Қанат Ислам мен әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасында болуы мүмкін делінген жекпе-жек туралы өз пікірін білдірді. 

"Менің ойымша, бұл қаңқу сөз ғана. Мен Қанат Исламның мексикалық боксшымен қарсылас болады дегенді еш жерден көрмедім. Алайда ел арасында сондай сөздер айтылып жүр дейді. Соған қарағанда, бір негізі де болуы мүмкін. Жекпе-жек қазір бола қоймас, бірақ соған жақындап келетіндей. Мұның өзі де жақсы", - деді Виктор Демьяненко.

Бокс маманының айтуынша, жекпе-жекте нақты кімнің дайындығы қалай, денсаулығы жақсы ма, қолдары сау болғаны деген факторлар кездесуде шешуші рөл атқарады екен.  

"Егер дәл ертең Қанат Альвареспен шығатын болса, онда оны бірден жеңіледі деп айта аламын. Себебі кешегі Қанат Исламның жекпе-жегін қараңыз, ол ауырды сол себепті жаттығулар да жасаған жоқ, оның қолғаптары дұрыс болмады деген бос сөз. Соңғы жекпе-жегі туралы сөз етіп те қажеті жоқ. Ол қайтып жеңеді? Оның соққысы жойқын емес, бұл қарапайым әуесқойлардың жұдырықтасуымен тең. Оның кәсіби бокста не кәсіби шеберлігі, не тәжірибесі жоқ", - деді ол. 

Ал ресейлік белгілі комментатор Григорий Стангрит мамыр айында мексикалық Сауль "Канело" Альварес қазақстандық боксшы Қанат Исламмен жекпе-жек өткізуі мүмкін деген қауесетке қатысты пікір білдірді. Ол Vesti.kz сайтына берген сұхбатында мұндай жекпе-жектің өтуі мүмкін емес екенін айтып отыр.

"Неліктен өтуі мүмкін емес? Мұндай жекпе-жекте бәрі де болуы мүмкін. Бірақ, әрине, күте тұрған абзал. Бұл Чавестің (Хулио Сезар Чавес - мексикалық боксшы) командасының Альвареске түсіріп отырған қысымы да шығар", - деп атап өтті Стангрит.

Еске салайық, кеше Fightnews.com басылымы Альварес - Ислам жекпе-жегі өтуі мүмкін деген қауесеттің тарағанын хабарлаған. Сол қауесетке сенсек, Альварес - Ислам жекпе-жек 6 мамырда өтеді делінеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети