10 қазан 2017 | 17:17

Маман Головкин мен "Канело" жекпе-жегінің Мейвезер - МакГрегор кездесуінен несімен озғанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Канадалық журналист әрі кәсіпқой бокс маманы Лорент Поулин Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек әлемнің 12 дүркін чемпионы Флойд Мейвезер мен UFC файтері Конор МакГрегор арасындағы кездесуден ең басты көрсеткіш бойынша асып түскенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Канадалық журналист әрі кәсіпқой бокс маманы Лорент Поулин Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек әлемнің 12 дүркін чемпионы Флойд Мейвезер мен UFC файтері Конор МакГрегор арасындағы кездесуден ең басты көрсеткіш бойынша асып түскенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Менің ойымша төрешілердің шығарған шешімі әділетсіз, себебі көптеген адамдар Головкиннің басым болғанын айтып жатыр. Алайда адамдардың қателігі кез келген спортта бар дүние. Бұл жағдай драматизм мен қызығушылықты арттыра түскендей. Ең бастысы - жекпе-жек шынайы болды. Головкин мен Альварестің шаршы алаңда өз істерінің маманы екенін көрсеткені тәнті етті", - деді маман.

Оның айтуынша, Головкин мен Альварестің жекпе-жегі Мейвезер мен МакГрегор шоуынан жақсы бір ерекшелігімен есте қалған. 26 тамызда өткен жекпе-жектің алдында америкалық пен ирландиялық спортшы біріне-бірі айтпағанды айтып (нәсілдшілдік пен гомофобия), керексіз баспасөз конференцияларын өткізді. 

"Олар (Головкин мен Альварес) өз жекпе-жектерін сатуға тырысқан жоқ, себебі олар бұрыннан танымал әрі әйгілі. Екі жігітте қарапайым, ал қаражат тек мотивация ретінде болды. Олар ең бастысы жеңімпаз атанып, әлемдегі ең үздік боксшы атағын алуды көздеді. Мен боксшылардың командалары келісіп, жақсы бір кездесудің куәсі болатынымызға сенемін. Сөзсіз, бұл кездесу келесі жылдың - жыл жекпе-жегі болады", - деді Поулин. 

Қаражат жағынан Головкин мен Альварес жекпе-жегі (PPV) ақылы көрсетілімдері бойынша Мейвезер мен МакГрегор кездесуінен үш есе қалып қойды. Екі кездесуде Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтті. Сонымен қатар 26 тамызда өткен жекпе-жекке көрермен толық болмады, ал Головкин мен Альварес кездесуі осы аренаға адам жинаудан рекорд орнатты. 

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети