21 қазан 2020 11:16

"Маңызды кездесу болады". Жүкембаев Елеусінов - Индонго жекпе-жегі туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kfb.kz © kfb.kz

Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) пен намибиялық Джулиус Индонго (23-2, 12 КО) арасындағы жартылай орта салмақтағы IBF Intercontinental белбеуі үшін өтетін кездесу екі боксшы үшін де маңызды болмақ. Мұндай пікірді Vesti.kz тілшісіне қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) айтты. 

"Бұл Елеусінов үшін өте маңызды кездесу болмақ. Данияр үлкен жекпе-жектерге шығуға дайындалып жатыр. Индонго - танымал боксшы. Ол әлемнің бұрынғы чемпионы. Бұл екі боксшы үшін де маңызды кездесу болмақ. Бокста кез келген нәтиже тіркелуі мүмкін екенін жақсы білесіздер. Дегенмен біз Даниярға сенеміз. Алдағы кездесуіне сәттілік тілеймін. Жеңіске жетеді деп ойлаймын", - деді Жүкембаев. 

Айта кетейік, он раундқа жоспарланған Елеусінов пен Индонго арасындағы кездесу 27 қарашада Голливуд (Флорида штаты, АҚШ) қаласында өтеді. Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде Дэниель Джейкобс (36-3, 30 КО) пен Габриэль Росадо (25-12-1, 14 КО) шаршы алаңға шығады. 

Индонго бұған дейін бірінші орта салмақта IBF, WBA және IBO белбеулерінің иегері болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети