21 наурыз 2014 18:07

Мартинес Головкинге қатысты айтқанын дұрыс аудармаған дейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серхио Мартинес. Фото allboxing.ru сайтынан алынды. Серхио Мартинес. Фото allboxing.ru сайтынан алынды.

Танымал боксшы Серхио Мартинес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қатысты айтқанын дұрыс аудармаған деп мәлімдеді дейді Vesti.kz. Мартинес Головкин маған қарсылас болуға жарамайды дегенім жоқ дейді. Біраз бұрын бірқатар шетелдік сайтта Мартинестің баспасөз өкілдерімен болған сұхбаты жарияланған еді. Оған бұл ретте аудармашы көмектесіп отырған. Алайда аудармашы Мартинестің сөзін бұрмалап қана қоймай, өз атынан да пікір қосқан боп шықты. Мартинеске: "Головкинмен неге жұдырықтаспай жүрсіз?" деген сауал қойылған. Шынтуайтында оған Мартинес былайша жауап берген: "Байқауымша, Головкин дәрежесін өсіруге әлі де жол салып, мен жеткен мәртебеге ұмтылып жатқан секілді. Котто немесе Мейвезердің көрсеткіштерін игергісі келетін сынды. Ол солай қарай бағыт алып барады, бірақ әзірге ол арадан төбе көрсеткен жоқ". Кеңірек мағлұматты мына арадан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети