Супер ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Майк Тайсон орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасында 16 қыркүйекте өткен жекпе-жегі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен "Канелоға" жанкүйерлік еттім, алайда кездесу тең аяқталды. Бұл ең дұрыс шешім болды. "Реваншта кім жеңетінін көреміз", - деді Тайсон Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында.
Сонымен қатар, Тайсон өзін Головкиннің фанаты деп есептейтінін айтты, оның айтуынша қазақстандық боксшының мәнері ұнайды екен.
"Мен Головкиннің фанатымын. Бүгінде ол pound-for-pound нұсқасы бойынша ең үздік боксшы. Жекпе-жекте ол тек жәй шабуылшы емес, тумасынан жеңімпаз. Ол шаршы алаңға шыққанда ұпаймен жеңуді көздемейді, ол қарсыласын әбден әуре сарсаңға салады. Головкин көрермендердің не көргісін біледі және соны істейді", - Тайсон.
Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.
Айта кетейік, 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.
Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.