Мейвезер Головкинмен ешқашан жекпе-жек өткізбейді - Мюррей

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мейвезер Головкинмен ешқашан жекпе-жек өткізбейді - Мюррей © Thaboxingvoice.com

Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Мартин Мюррей Флойд Мейвезер кішінің қазақстандықпен кездесу өткізуі мүмкін емес екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz ESPN басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Мартин Мюррей Флойд Мейвезер кішінің қазақстандықпен кездесу өткізуі мүмкін емес екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz ESPN басылымына сілтеме жасап.

"Головкинді жеңетін адамның болуы мүмкін. Дегенмен, ол Мейвезер емес. Головкин оған қарағанда ірі әрі күштірек. Қазақстандық Мейвезерден екі салмақ дәрежесіне жоғары категорияда өнер көрсетеді. Екеуі де өз категорияларында үздік. Мейвезер рингтегі соңғы жекпе-жегін жеңіспен аяқтауға тырысады. Головкин ол үшін тым үлкен тәуекел. Олардың жекпе-жек өткізуі мүмкін емес", - деді Мюррей.

Оның айтуынша, орта салмақ дәрежесінде Головкинге тең келер боксшы жоқ. "Котто да, Альварес те оны жеңе алмайды.Головкин бір нәрсемен ғана ерекшеленбейді, онда бір-бірін толықтырып тұратын бірнеше қасиет бар", - деді Мартин Мюррей.

Еске сала кетейік, Головкин мен Мюррей арасындағы жекпе-жек 22 ақпанда Монакода өтті. Қазақстандық боксшы 11 раунда нокаутпен жеңіске жетті. Осыдан кейін ағылшын боксшысы салмақ дәрежесін өзгертуге шешім қабылдады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети