WBA (Super), WBС (Interim) және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге жаттығулардың бірінде қазіргі заманғы үздік боксшы америкалық Флойд Мейвезер кішімен жұдырықтасу туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Vesti.kz boxingscene.com басылымына сілтеме жасап.
"Сіз Флойд Мейвезер кішімен жұдырықтасуға дайынсыз ба?", - деген сұрақ қойылды Головкинге. Қазақстандық боксшы күлімсіреп жауап берді: "Мейвезерден сұраңыздар, ол менімен жұдырықтасуға дайын ба екен?", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Головкин Флойд Мейвезер кішімен жекпе-жек өткізу оның арманы екенін айтқан болатын. "Соңғы бес жылда барлығы Мейвезер мен Пакьяо жекпе-жекке шыққанын қалады. Флойд өте ақылды, бұл оның стилі. Менің ойымша, Пакьяо жекпе-жекте өзін бақылай алмаған сияқты. Ол Флойдқа қарсы ештеңе істей алмады. Пакьяо өте мықты, бірақ бұл кездесуде Флойд өте ақылды болды", - деді Геннадий Головкин.
Еске сала кетейік, 16 мамырда Головкин мен кіші Вилли Монро арасындағы жекпе-жек Ингливудтағы The Forum аренасында өтеді. Кездесу Астана уақыты бойынша 17 мамырда таңғы сағат 08.00-де басталады. "Қазақстан" телеарнасы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді.