"Мен жеңілмеймін": Головкиннің жекпе-жек қарсаңындағы видеосы жарияланды

06 Наурыз 2017, 09:19
0
"Мен жеңілмеймін": Головкиннің жекпе-жек қарсаңындағы видеосы жарияланды - © Геннадий GGG Головкин
© Геннадий GGG Головкин

Motivedia Boxing Youtube-арнасында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге арналған тағы бір ролик шықты, - деп хабарлайды Sports.kz. Роликті арнайы Головкин мен Джейкобс арасында өтетін жекпе-жегі қарсаңында түсірілген. Migos-Bad & Boujee композициясына түсірілген видео "I won`t be beaten" ("Мен таяқ жемеймін" - "Меня не побьют") деп аталады.

Vesti.kz хабарлауынша, НВО арнасы Головкин мен Джейкобс кездесуіне арналған аңдатпа шығарды. "24/7. Головкин - Джейкобс" деп аталатын 30 минуттық бағдарлама боксшылардың дайындығын, олардың ең мықты жекпе-жектерін көрсетіп отырады. Осы эфирде Головкиннің жаттығуына Джейкобс пікір білдірген. "Маған осы атмосфера ұнайды. Залдағылардың барлығы маған көмектеседі, барлығын айтады. Мен Головкиннен қорықпаймын. Мен өмір бойы осы жекпе-жекке дайындалдым", - деп жазады Twitter Raging Babe порталы Джейкобстың сөзін. 

Еске салайық, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтеді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай