Мен "Канело" сияқты мықты қарсыласпен жұдырықтасып көрмегенмін - Головкин

07 Маусым 2017, 09:26
0
Мен "Канело" сияқты мықты қарсыласпен жұдырықтасып көрмегенмін - Головкин - © vk.com/Геннадий GGG Головкин
© vk.com/Геннадий GGG Головкин

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (49-1-1, 34 КО) өзінің мансап жолындағы ең мықты қарсылас екенін мойындады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен "Канело" сияқты мықты қарсыласпен ешқашан жұдырықтасып көрмеппін. Бар күшімді салып дайындалып жатырмын, бірақ бұл жолы барлығы басқаша болады. Ол мені біледі, мен оны білемін. Екеуміз төрт жыл бұрын бірге жаттыққан болатынбыз. Бұл жолы менің бапкерімнің өз жоспары бар. Екеуміз үшін бұл үлкен жекпе-жек болмақ және екеуміз де Big Drama Show-ға дайынбыз. Сауль мен сияқты панчермен жұдырықтасып көрген жоқ деп ойлаймын", - деді Головкин TMZ басылымына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, осыған дейін GGG "Канеломен" жұдырықтасқаннан кейін қандай жоспар құратынын айтып берген болатын. "Екі нұсқа бар. Біріншісі - реванш. Екіншісі - орта дивизиондағы барлық белбеуді алғым келеді. Бұл менің арманым", - деген еді қазақстандық боксшы.

Сондай-ақ, осыған дейін отандасымыздың промоутері Том Леффлер Головкин - Альварес жекпе-жегі қайда өтетінін мәлімдеген еді. "Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтетінін ресми түрде хабарлаймын. Жанкүйерлер үшін керемет бокс кеші болмақ!" - деп жазған болатын Том Леффлер Twitter желісіндегі парақшасында.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай