18 тамыз 2016 10:52

Мен "Канелоны" құрметтедім, бірақ ол өзінің кім екенін көрсетті - Головкин

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауль Альварес пен Геннадий Головкин © boxingbuzz.sportsblog.com Сауль Альварес пен Геннадий Головкин © boxingbuzz.sportsblog.com

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Головкин (35-0, 32 КО) мексикалық Сауль Альвареспен (47-1-1, 33 КО) 2017 жылдың күз айына белгіленген жекпе-жектің болатынына күмәнданып отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.


WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Головкин (35-0, 32 КО) мексикалық Сауль Альвареспен (47-1-1, 33 КО) 2017 жылдың күз айына белгіленген жекпе-жектің болатынына күмәнданып отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшының айтуынша, 26 жастағы Альвареспен жекпе-жек кем дегенде бес жылдан кейін, яғни қазақстандық боксшының жасы 39-ға келгенде болады. Сонымен қатар, GGG бапкері Абель Санчестің айтуынша, мексикалық боксшы Головкиннің жасы 60-қа келгенде жекпе-жек өткізуге келісімін беретінін айтып отыр.

"Бұрын біз "Канеломен" бірге жаттығып жүрдік. Мен оны құрметтедім. Енді бұл жай бизнес болып тұр, ол өзінің кім екенін көрсетті. Бұл құрметтемеу деген сөз. Бұл бизнес те емес. Юбенк те "Канело" сияқты. Ол мұның барлығын шоу, шындық емес деп айтады. Мұның барлығы цирк сияқты. "Канело" енді келісім жасасқан кейін бірден "жоқ" деп айтып отыр. Әңгімесі көп. "Канело" менімен жұдырықтаспайтынын біліп отыр. Егер сен менімен жекпе-жекпе шықпайтынынды білсең, неге ол туралы айтып жатырсың? Мен бұл туралы сөйлескім келмейді. Мен "Канелоның" кем дегенде бір жылдан соң, мүмкін тіпті бес жылдан соң ғана менімен жекпе-жекке шығатынын білемін", - деп келтірді Головкиннің сөзін Boxing News 24.

Айта кетейік, Golden Boy Promotions басшысы Оскар Де Ла Хойяның айтуынша, Головкин мен Альварес шаршы алаңға 2017 жылы шығады. Екі команданың ауызша жасалған келісімі бар екен. Осылайша, Головкин келесі жекпе-жегінде 30 жастағы ағылшын, жартылай орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Келл Брукпен кездеседі. Олардың кездесуі 10 қыркүйекте Лондонның O2 аренасында орта салмақта (160 фунт) өтеді. Екі боксшы да кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеген. 34 жастағы Головкин 35 рет жеңіске жеткен, оның 32-сі уақытынан бұрын аяқталған. 30 жастағы Брук 36 рет жеңіске жетіп оның 25-ін нокаутпен аяқтаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети