Менің стилім Головкиннің стилінен мықты - "Канело"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Менің стилім Головкиннің стилінен мықты - "Канело"

Екі салмақ дәрежесі бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) контршабуылдау стилі арқылы орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннен (37-0, 33 КО) басым болатынына сенімді.

"Мен контршабуылдар арқылы жұдырықтасамын, ал оның стилі - алға қарай жүру. Сондықтан екеуміздің стиліміз тамаша жекпе-жек жасауға мүмкіндік береді. Бірақ менің стилім оның стилінен мықты", - дейді ол. 

Оның айтуынша, бокстағы стратегия жекпе-жек барысы қалай боларына байланысты. 

"Әдетте жаттығулар бәріне де бірдей өтеді, бірақ стратегиялар өзге, себебі қарсыластардың айырмашылығы бар. Стратегия жекпе-жек барысы қалай боларына байланысты. Не боларын дайындық барысында білмейсің ғой. Спаррингтерге келсек, мұнда біз қарсыласқа мән береміз, себебі спарринг-қарсылас оған ұқсауы тиіс", - деп келтіреді Альварестің сөзін BoxingScene.com.

Ал осыған дейін "Канелоның" спарринг-қарсылас ретінде қазақстандық боксшыны шақыртқаны белгілі болған еді. Бобыржан Момынов орта салмақта өнер көрсетеді. Ол кәсіпқой бокста үш жекпе-жек өткізіп, үшеуінде де нокаутпен жеңген. 

Сауль Канело Альвареске қарсы 16 қыркүйекте өткізетін жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети