Екі салмақ дәрежесі бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) контршабуылдау стилі арқылы орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннен (37-0, 33 КО) басым болатынына сенімді.

"Мен контршабуылдар арқылы жұдырықтасамын, ал оның стилі - алға қарай жүру. Сондықтан екеуміздің стиліміз тамаша жекпе-жек жасауға мүмкіндік береді. Бірақ менің стилім оның стилінен мықты", - дейді ол.
Оның айтуынша, бокстағы стратегия жекпе-жек барысы қалай боларына байланысты.
"Әдетте жаттығулар бәріне де бірдей өтеді, бірақ стратегиялар өзге, себебі қарсыластардың айырмашылығы бар. Стратегия жекпе-жек барысы қалай боларына байланысты. Не боларын дайындық барысында білмейсің ғой. Спаррингтерге келсек, мұнда біз қарсыласқа мән береміз, себебі спарринг-қарсылас оған ұқсауы тиіс", - деп келтіреді Альварестің сөзін BoxingScene.com.
Ал осыған дейін "Канелоның" спарринг-қарсылас ретінде қазақстандық боксшыны шақыртқаны белгілі болған еді. Бобыржан Момынов орта салмақта өнер көрсетеді. Ол кәсіпқой бокста үш жекпе-жек өткізіп, үшеуінде де нокаутпен жеңген.
Сауль Канело Альвареске қарсы 16 қыркүйекте өткізетін жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.