21 шілде 2015 | 09:54

Мейвезер Головкинді "жоқ қылатын" боксшыны атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© fightnews.ru © fightnews.ru

Салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің ең үздік боксшысы кіші Флойд Мейвезердің әкесі әрі бапкері үлкен Флойд Мейвезер ұлының қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтаспайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің ең үздік боксшысы кіші Флойд Мейвезердің әкесі әрі бапкері үлкен Флойд Мейвезер ұлының қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтаспайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Үлкен Флойд Мейвезерге мынадай сұрақ қойылды: "Геннадий Головкин орта салмақта қазір атын шығарып, күшті әсер қалдырды және жанкүйерлердің көпшілігі сенің ұлың Флойдтың салмақ қосып, онымен жұдырықтасқанын қалайды. Бұл жөнінде сен не ойлайсың?" 

Мейвезер бұл сұраққа былай деп жауап берді: "Жігітім, Флойд жұдырықтаспайды, мен саған мұны өзім айта аламын және саған мұны менен басқа ешкім айтпайды - ол онымен жекпе-жекке шықпайды, бірақ бәрібір оны жеңетін еді деп ойлаймын. Бірақ менің бүлдіріп алуым да мүмкін - оның жұдырықтасуы да ғажап емес", - деді ол күліп.

Үлкен Мейвезерге қойылған тағы бір сұрақ Геннадий Головкинмен кездескісі келетін Андре Уорд жөнінде болды.

"Менің ойымша, Андре Уорд оны "ұнтақ" қылып жібереді! Андре Уорд оны оңай жеңетін еді, себебі Головкинде ондай икем жоқ. Ал Андре Уордта нағыз шеберлік бар, оның боксерлік дарыны тура менің ұлымдыкіндей, бәлкім асып түспейтін шығар, бірақ деңгейі менің ұлымдыкіндей. Сондықтан ол GGG-ны тұлға айналдырады", - деп келтірді үлкен Мейвезердің сөзін ВКонтактедегі "Геннадий GGG Головкин" тобы.

Айта кетейік, ESPN сарапшысы әрі бокс саласының журналисі Дэн Рафаэль Андре Уордтың күзде Геннадий Головкинге қарсы кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети