13 қыркүйек 2015 | 08:09

Мейвезер: Мен барлық үздік боксшыны жеңдім. Маған Головкиннің қажеті қанша?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемнің үздік боксшысы, америкалық Флойд Мейвезер мансап жолындағы соңғы кездесуінің алдында WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізудің мәні жоқ деп есептейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Әлемнің үздік боксшысы, америкалық Флойд Мейвезер мансап жолындағы соңғы кездесуінің алдында WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізудің мәні жоқ деп есептейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Берто жақсы қарсылас болады. Ол мықты жігіт, мені ұрып тастағысы келеді - ал маған рингте осындай қарсылас керек. Ал Головкинге қарсы шығуым керектігін айтқандарды түсінбеймін. Бұл жекпе-жек болмайды, себебі ол 160 фунтта, ал мен 147 фунтта жұдырықтасамын. Бокста ұзақ жол жүріп өттім. Үздік боксшылармен кездестім. Мен барлық үздік боксшыларды жеңдім. Енді таяуда менің миссиям аяқталады", - деді Мейвезер. 

Айта кетейік, осыған дейін сарапшылар Мейвезерге Головкинмен жұдырықтасып көруге бірнеше мәрте кеңес берген болатын. Нақтырақ айтсақ, сарапшы Ларри Мерчант оның қазақстандықтан қорқатынын, сондықтан да қашқақтап жүргенін айтты. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Еске салайық, 13 қыркүйекте 38 жастағы Мейвезер мансап жолындағы соңғы жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы Андре Берто болады. Кездесу Лас-Вегаста Астана уақыты бойынга 08:30-да басталады. 

Ал кәсіби рингте 33 жекпе-жек өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен (30-ы нокаутпен) Головкин келесі жекпе-жегін 17 қазанда Нью-Йоркте өткізеді. Оның қарсыласы канадалық Давид Лемье, IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети