Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

"Мүмкіндік бермеді". Аргентиналық боксшы Қанат Ислам таңғалдырғанын айтты 09 қазан 2022, 12:43

Орта салмақтағы аргентиналық Хавьер Франсиско Маcьель (34-18, 23 КО) қазақстандық Қанат Исламнан (29-1, 22 КО) жеңілісіне қатысты пікір білдірді.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: ©Probox TV Фото: ©Probox TV

Орта салмақтағы аргентиналық Хавьер Франсиско Маcьель (34-18, 23 КО) қазақстандық Қанат Исламнан (29-1, 22 КО) жеңілісіне қатысты пікір білдірді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында боксшы қазақстандықтың физикалық бабы мен болашағы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сегіз раундқа созылған жекпе-жек Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өтіп, төрешілердің шешімімен Қанат Ислам жеңген болатын. Бұл оның кәсіпқой бокстағы 29-жеңісі болды, ал Масьель 18-рет жеңіліп қалды.

"Қарсыласымның физикалық бабы мені таңғалдырды. Ол жылдам әрі сергек болды. Ол бүкіл жекпе-жекте басымдық танытып, маған мүмкіндік бермеді. Менің ойымша, оның дайындығы жақсы болды. Ол көптеген қарсыласын есеңгіретіп, сыншылардан жақсы баға ала алады. Оған сәттілік тілеймін және армандарына жетуіне тілектеспін. Менің ойымша, оның мүмкіндігі бар", - деді Масьэль.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті