29 шілде 2021 | 16:07

Олимпиада-2020: Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы қарсыласын сенімді жеңді

Фото: Жеңіс Ысқабай / olympic.kz

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

91 келіден жоғары салмақта Қоңқабаев 1/8 финалда мысырлық Есри Мұстафа Резкті 5:0 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. 

28 жастағы Қамшыбек Қоңқабаев Қызылорда облысында туған. 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионатында күміс медаль еншілеген. 2017, 2019 және 2021 жылдары Азияның вице-чемпионы атанған. Биылғы Токио Олимпиадасының ашылу салтанатында Қоңқабаев ту ұстап шыққан.   

Реклама
Реклама

Айта кетейік, қазір Олимпиаданың жарыс жолында төрт боксшымыз қалды. Бұған дейін Абылайхан Жүсіпов, Василий Левит, Серік Теміржанов, Бекзад Нұрдәулетов пен Надежда Рябец 1/8 финалда жеңілген болатын.

Ал бүгін Әбілхан Аманқұл өзбек боксшысын нокдаунға түсіріп, ширек финалға шыққан еді. 

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная