28 шілде 2021 11:01

Токио Олимпиадасы: Бекзад Нұрдәулетов ресейлік боксшыдан жеңілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов / olympic.kz Фото: Тұрар Қазанғапов / olympic.kz

Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Бекзад Нұрдәулетов 1/8 финалда ресейлік Имам Хатаевпен кездесті. Қазақстандық боксшы қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді. 

Осылайша, бесінші боксшымыз Токио Олимпиадасымен қош айтысты. Бұған дейін Абылайхан Жүсіпов, Василий Левит, Серік Теміржанов пен Надежда Рябец 1/8 финалда жеңілген болатын.

23 жастағы Бекзад Нұрдәулетов - Маңғыстау облысының тумасы. 2019 жылы әлем чемпионатында топ жарған.

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети