Олимпиада-2020: Сәкен Бибосынов қарсыласын нокдаунға түсіріп, жартылай финалға шықты

Фото: Сали Сәбіров / olympic.kz

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

52 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Сәкен Бибосынов ширек финалда Испания боксшысы Габриэль Эскобармен жұдырықтасты. Бірінші раундта Сәкен қарсыласын нокдаунға түсірді. Нәтижесінде бес төрешінің үшеуі жеңісті Бибосыновқа берді.

Қазақстандық боксшы бұған дейін 1/8 финалда француз Билал Беннамды сенімді жеңген. Ал алғашқы кезеңде Бибосынов Пуэрто-Рико өкілі Янкель Ривера Фигероамен жұдырықтасып, 4:1 есебімен басым түскен еді. 

Реклама
Реклама

24 жастағы Бибосынов - 2019 жылғы әлем чемпионаты мен 2021 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. 

Осылайша, қазақстандық екінші боксшы жартылай финалға жолдама алды. Бұған дейін құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалда жеңіске жеткен

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная