31 шілде 2021 | 15:02

Олимпиада-2020: қазақстандық боксшы ширек финалға шықты

Фото: Тұрар Қазанғапов / olympic.kz Фото: Тұрар Қазанғапов / olympic.kz

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан қазақстандық боксшы 1/8 финалда француз Билал Беннамды жеңді. Есеп - 5:0.

Айта кетейік, 26 шілдеде қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасында 1/8 финалға жолдама алған болатын. 

Алғашқы кезеңде Бибосынов Пуэрто-Рико өкілі Янкель Ривера Фигероамен жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы қарсыласын 4:1 есебімен жеңген еді. 

24 жастағы Бибосынов - 2019 жылғы әлем чемпионаты мен 2021 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. 

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети