Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұлдың жеке бапкері Нұрлан Ақүрпеков Олимпиада-2020 жартылай финалына шыға алмаған шәкіртінің жеңілісі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұлдың жеке бапкері Нұрлан Ақүрпеков Олимпиада-2020 жартылай финалына шыға алмаған шәкіртінің жеңілісі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.
Әбілхан Аманқұл бүгін, 1 тамызда 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/4 финалда бразилиялық Эберт Соузадан жеңіліп қалды.
Жекпе-жектен кейін Ақүрпеков Аманқұлдың жекпе-жегі туралы айтып берді.
- Ақталғандай болғымыз келмейді. Барша жанкүйерден кешірім сұраймын. Мұнда күресу оңай емес. Бірінші орында техникалық-тактикалық шеберлік емес, боксшылардың психологиялық дайындығы тұрады. Психологиялық тұрғыдан Аманқұлға оңай болған жоқ. Олимпиадаға дейін ол оң иығына ота жасатты. Оның үстіне сол қолын жарақаттап алды. Бүгін ол ауырсынуды басатын дәрілерілер қабылдап, жекпе-жекке шықты. Сондықтан оған жұдырықтасу қиын болды, ол екі қолын да қолдана алмады.
Аманқұл бар күшін салды. Оның қарсыласы өте салмақты екенін көріп отырсыздар. Техникалық жағынан бразилиялық жақсы өнер көрсетті. Аманқұл сәтсіздікке ұшырады, бірақ аяғымен жақсы жұмыс істеді.
- Алайда, екінші раундта Әбілхан жекпе-жек есебін теңестірді.
- Иә, ойдағыдай болмады. Бұл жеңіліс үшін жанкүйерден кешірім сұраймын. Артылған үмітті ақтау мүмкін болмады.
- Аманқұл кәсіпқой боксқа ауысуды жоспарлап отыр деген қауесет бар. Бұл рас па?
- Аманқұлға қалпына келу үшін уақыт керек. Шамасы, иыққа тағы бір ота жасауы керек болады. Дәрігер оның толық жазылмаған жарақаттары бар екенін айтты. Мұндай отадан кейін бір жыл демалуы керек деп ескертті. Бірақ алда Олимпиада, демалуға мүмкіндік болмады. Токиоға келер алдында Аманқұл жаттығу кезінде иығына тағы бір рет зақым келтірді. Ескі жарақаттарды емдеу керек. Егер ол Олимпиададан кейін бірден кәсіпқой боксқа ауысса, онда ескі жарақаттары мазалайды.
- Ендеше, алдағы Қазақстан чемпионатына Аманқұл қатыспайды ма?
- Иә. Ол бір жыл демалады. Қалпына келу үшін уақыт алады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!