31 қаңтар 2021 15:14

Пакьяо америкалық үздік боксшымен жұдырықтасуға жақын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мэнни Пакьяо. Фото: zarubejom.ru© Мэнни Пакьяо. Фото: zarubejom.ru©

Жеңіл салмақтағы (61,2 келіге дейін) америкалық Райан Гарсия мен жартылай орта салмақтағы ардагер (66,7 келіге дейінгі) аңызға айналған филиппиндік Мэнни Пакьяо арасындағы жекпе-жек туралы келіссөз жалғасып жатыр. Екі тарап келісімге келуге жақын, - деп хабарлайды Vesti.kz инсайдерлер Майк Коппинджер (The Athletic) мен Стив Кимге (экс-ESPN) сілтеме жасап.

Екеуі де процестің негізгі бөлігі салмақ шегіне келісу екенін айтады. Сондай-ақ, бұл көрмелік жекпе-жек емес екенін мәлімдеді.

"Пакьяо мен Гарсия жекпе-жек ұйымдастыру туралы келіссөзде алға жылжыды. Ол мамырға жоспарланған. Гарсияның кеңесшісі Гуадалупе Валенсиа: "Біз шарттарды талқылап жатырмыз. Екеуі де жұдырықтасқысы келеді. Екеуі де командаларына жекпе-жек өткізу бойынша нұсқаулар берді. Сондықтан біз бәрін шешуге тырысып жатырмыз" деді. Көрмелік емес, шынайы жекпе-жек талқыланып жатыр. Бірінші жартылай орта мен жартылай орта салмақ (63,5-66,7 келі) арасында өтуі мүмкін", - деді Коппинджер.

"Келіссөз процесіне жақын дереккөз маған Пакьяо мен Гарсияның командалары әлі де келісіп жатқанын айтты. Бұл кездесудің артында One Entertainment Group тұр. Боксшылардың қаржылық сұраныстары едәуір артқандықтан, бұл енді көрмелік жекпе-жек емес, бұл 64,8-66,7 келі салмақтар аралығында өтетін жекпе-жек болады", - деді Стив Ким.

Еске салайық, Пакьяо 2019 жылдың шілдесінен бері WBA Super белбеуін жеңіп алғаннан кейін рингке шыққан жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети