10 шілде 2014 23:15

Президент кубогының үшінші күні тоғыз боксшымыз жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото kfb.kz сайтынан Фото kfb.kz сайтынан

Бокстан "Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы" IV халықаралық турнирінің үшінші күні бес салмақ дәрежесіндегі ширек финалдық жекпе-жектер аяқталып, жартылай финалдық жұптар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бокстан "Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы" IV халықаралық турнирінің үшінші күні бес салмақ дәрежесіндегі ширек финалдық жекпе-жектер аяқталып, жартылай финалдық жұптар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан дәстүрлі турнирде бүгін 10 боксшымыз шаршы алаңға шығып, тоғызы жеңіске жетті. Бұл – бес салмақта тоғыз жүлде аламыз деген сөз. Ал қалған бес салмақтағы ширек финалдық жекпе-жектер ертең өтеді.

Ал бүгінгі жекпе-жектерге атүсті тоқталар болсақ, күрзі жұдырықты жігіттеріміз ерекше қуантты. Біржан Жақыпов, Әділбек Ниязымбетов сынды тарланбоздарымыз техникалық нокаутпен жеңіске жетсе, Сағадат Рахманқұлов тәжірибелі Әзірбайжан боксшысының бет-ауызын қан қылып, нокдаунға түсірді.

Ілияс Сүлейменов, Данияр Елеусінов сынды саңлақтарымыз да Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына жиналған отандастарын риза қылып, жеңіске жетті. Ауыр салмақтағы алыптарымыз да өз қарсыластарынан басым түсіп, жартылай финалға шықты.

Бүгін тек Нұрдәулет Жарманов қана жеңілістің кермек дәмін татты. Ол тәжірибесі мол Украина боксшысы А.Ганзуляға төрешілердің екі айырылған шешімімен есе жіберіп алды.

Ертең қалған бес салмақта ширек финалдық жекпе-жектер өтеді. Олардың арасында 11 қазақстандық боксшы бар.

Үшінші күнгі жекпе-жектер нәтижесі:

49 келі:
Біржан Жақыпов (Қазақстан) – Турат Осмонов (Қырғызстан) – техникалық нокаут (R3)
Расул Салиев (Ресей) – Танес Онгжунт (Таиланд) – 2:1
Жомарт Ержан (Қазақстан) – Роген Ладон (Филиппины) – 3:0
Хасанбой Дусматов (Өзбекстан) – Сантьяго Падрон (Куба) – 2:1

52 келі:
Ілияс Сүлейменов (Қазақстан) – Насер Хасан (Ирак) – 3:0
Рэй Салудар (Филиппин) – Хорхе Луис Парлай (Куба) – 2:1
Гавриил Попов (Ресей) – Касим Муртдха (Ирак) – 3:0
Шахобиддин Зоиров (Өзбекстан) – Азат Усеналиев (Қырғызстан) – 2:1

69 келі:
Данияр Елеусінов (Қазақстан) – Никита Радионов (Украина) – 3:0
Исраил Мадримов (Өзбекстан) – Еркинбек Болатбекулу (Қырғызстан) – 3:0
Сағадат Рахманқұлов (Қазақстан) – Тамерлан Абдуллаев (Әзірбайжан) – 3:0
Ариснойдис Диспэйн (Куба) – Тувшинбат Буямба (Моңғолия) – 3:0

81 келі:
Әділбек Ниязымбетов (Қазақстан) – Гульгусейн Агазада (Әзірбайжан) – техникалық нокаут (R1)
Эммануэль Рейес Плат (Куба) – Сандагсурен Эрденбаяр (Моңғолия) – 3:0
Александр Ганзуля (Украина) – Нұрдәулет Жарманов (Қазақстан) – 2:1
Дәурен Елеусінов (Қазақстан) – Ойбек Мамазулунов (Өзбекстан) – 3:0

+91 кг
Иван Дычко (Қазақстан) – Мирзохиджон Абдуллаев (Өзбекстан) – 3:0
Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) – Ростислав Архипенко (Украина) – 3:0
Иоранди Ортега (Куба) – Камран Мехдиев (Әзірбайжан) – 3:0

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети