25 наурыз 2017 16:21

Промоутер Головкин-Альварес жекпе-жегі қайда өтетінін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин - Альварес © Rostrek.com Головкин - Альварес © Rostrek.com

К2 Promotions промоутерлік компаниясы мен Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қайда өтетінін айтып берді. Бұл туралы TMZ.com порталы хабарлайды. 


К2 Promotions промоутерлік компаниясы мен Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қайда өтетінін айтып берді. Бұл туралы TMZ.com порталы хабарлайды. 

"Головкин-Альварес жекпе-жегінің өтетін жері туралы айтатын болсақ, біз бұл мәселені Golden Boy промоутерлік компаниясы шешеді деп келістік. Головкинге жекпе-жекті қай жерде өткізетіні маңызды емес. Оның Нью-Йорктегі "Мэдисон Сквер Гарденде" де жанкүйерлері көп. Сонымен қатар, Джерри Джонс ("Даллас Ковбойз" командасының қожайыны" Головкиннің жекпе-жегін Далласта өткізгісі келетінін айтты. Тағы бір нұсқа ретінде Лас-Вегаста Даллас Ковбойз казиносындағы T-Mobile Arena аренасы айтылып жатыр. Бірақ таңдау Альварестің командасында", - дейді Леффлер. 

Еске салайық, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF атақтарына ие қазақстандық боксшы 19 наурызда Дэниэл Джейкобспен өткізген жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңіске жеткен. "Канело" 6 мамырда тағы бір мексикалық Хулио Сезар Чавеспен жұдырықтасады.

Мексикалық боксшы өзінің жекпе-жегін өткізіп болғаннан кейін екі боксшы жаздың ортасында кездесу өткізуі ықтимал.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети