1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Промоутер Головкин -"Канело" жекпе-жегі қашан және қайда өтуі мүмкін екенін айтты

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Mathroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн орта салмақта IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен төрт салмақта чемпион мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы жекпе-жек қайда өтуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкин - Шеремета жекпе-жегі тамызда, "Канело" мен Сондерс - қыркүйекте. Ал одан кейін не болатынын тауып көріңдер? Головкин мен "Канело" рингке желтоқсанда шығады. Жыл соңында жағдай түзеліп, қалың көрермен Лас-Вегасқа орала алады деп үміттенемін", - дейді Хирн.
 

Еске салайық, осыған дейін боксшылар арасындағы екі жекпе-жек те Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен. еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!