29 желтоқсан 2021 12:03

Промоутер Головкинге Жәнібек Әлімханұлының қарсыласымен жекпе-жек өткізуді ұсынды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эдди Хирн орта салмақтағы WBO чемпионы америкалық Деметриус Андрадені қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жектен арашалап қалудың амалын іздестіріп жатыр - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы чемпионға қарсылас ретінде Геннадий Головкинді көргісі келеді. Оның орнына Джермалл Чарло, мексикалық Хайме Мунгия да болатыны айтылды.

"Биыл сыйлыққа лайық кім десеңіздер, ол - Деметриус Андраде. Куиглиді жеңгеннен кейін ол үлкен жекпе-жек өткізе алады. Рождестовода бізге кім көмек береді? Эльфтерімнің бәрін есептесем де, бұл қолымнан келмей жатыр. PBC, GGG Promotions, Golden Boy, қайдасыңдар? Андрадеге сыйлық жасайық. Геннадий Головкин, Джермалл Чарло, Хайме Мунгия. Осы тізімдегі боксшылармен келісімшартқа отырсақ, Деметриус бақытты болар еді", - деп келтірді Хирннің сөзін fightnews.info.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети