21 наурыз 2018 | 11:24

Промоутерлік компанияның президенті Головкинге сес көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© BoxingScene.com © BoxingScene.com

Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес мексикалық Сауль "Канело" Альвареске бірінші жекпе-жек алдында допинг қолданды, деп айып таққаны үшін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қарсы шара қолданатынын айтып, сес көрсетті, деп жазды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес мексикалық Сауль "Канело" Альвареске бірінші жекпе-жек алдында допинг қолданды, деп айып таққаны үшін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қарсы шара қолданатынын айтып, сес көрсетті, деп жазды Vesti.kz.

Наурыздың басында Альварестің өз отанында екі рет тест тапсырып, кленбутеролдың табылғаны анықталды. Мексикалықтың командасы оның себебі зарарлы ет жегеннен деп түсіндірді. Одан кейінгі үш допинг-тесттен "Канело" өткен болатын. 

Кеше Головкин маңызды мәлімдеме жасады, оның айтуынша, бірінші жекпе-жектің алдында Альварестің бұлшықеттерінде иненің іздері болған. Сонымен қатар, ол Альварес пен Оскар Де Ла Хойяны өтірікшілер деп атады. "Ол анық көрініп тұрды, оның бұлшықеттерінде иненің іздері болды. Оның суреттерін алып, дәрігерден сұраңыздар", - деді GGG. Головкиннің бұл айтқандарын Los Angeles Times басылымының тілшісі Лэнс Пагмайер келтірген, ол боксшының жаттығу лагерінде болыпты. Толығырақ мына жерден оқуға болады.

Бұған дейін Головкин Альвареспен реванш өтпей қалған жағдайда не істейтінін айтқан болатын.

Еске сала кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді.

Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети