Қабағым жарылғанда бір секунд ішінде елімді ойладым - Қанат Ислам

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қабағым жарылғанда бір секунд ішінде елімді ойладым - Қанат Ислам kaztrk.kz кадры

АҚШ-тың Делавэр штатында кездесу өткізіп, жеңіске жеткен қазақстандық боксшы Қанат Ислам бүгін елге оралды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Делавэр штатында кездесу өткізіп, жеңіске жеткен қазақстандық боксшы Қанат Ислам бүгін елге оралды.

Бүгін боксшы Қазақстанға оралды. Алматының әуежайына Қанаттың жанкүйерлері мен ең жақын туыстары келді. Боксшы Робсон Ассиспен жекпе-жегі жайлы айтып берді.

"Қазақтың абыройы, елдің, көк тудың жығылмауы мен үшін үлкен мақсат. Бірінші раундта ондай болады деп ойлаған жоқпын. Қабағым жарылған кезде бүкіл есіл-дертім, бір секундтің ішінде мен бүкіл елімді ойлап кеттім сол жерде. Ондай кезде он екі раундқа салатын күшті бір раундқа салу керек. Не бар, не жоқ. Сондай шешім қабылдауың керек", - деп әңгімеледі Қанат Ислам "Қазақстан" арнасының тілшілеріне берген сұхбатында соңғы жекпе-жегі жайлы.

Айта кетейік, бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Federatin тұжырымдары бойынша чемпион Қанат Ислам 18 ақпанда өткен кездесуде бразилиялық Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети