Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Қанат Ислам рингте Головкин сияқты болуы керек. Сонда ғана ол чемпион болады - америкалық журналист 24 ақпан 2017, 19:12

"Мен Қанат Исламның соңғы жекпе-жегін көрдім. Ол маған әсер қалдырды. Қолы жылдам қимылдайды. Ислам чемпион болады", - деді МакКафери сұхбатында.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

© fightnews.com © fightnews.com

Американың Delcotimes.com сайтының журналисі Джэк МакКафери Vesti.kz басылымына берген сұхбатында қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламды (23-0, 19 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы отандасы Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) салыстырды.

"Мен Қанат Исламның соңғы жекпе-жегін көрдім. Ол маған әсер қалдырды. Қолы жылдам қимылдайды. Ислам чемпион болады", - деді МакКафери сұхбатында.

Сондай-ақ, америкалық журналист Қанат Ислам мен "Канелоның" жекпе-жегімен әлі асықпай тұру керек екенін айтты. Бірақ ол мексикалық "Канело" мен қазақстандық Қанат Исламның кездесуін көргісі келетінін айтып өтті.

"Ислам біреумен бәсекеге түсе алатын дарынды боксшы. Оның мүмкіндігі бар. Және қазақстандық боксшы соңына дейін жұдырықтасатын болады", - деді журналист.

Сонымен қатар, америкалық журналист Қанат Ислам мен Генннадий Головкинді салыстырып жатқандарға қатысты пікір білдірді. "Иә, қазақстандық боксшылардың бір ерекшелігі бар - олар қарсыластарынан қорықпайды. Соңғы жекпе-жекте Ислам GGG сияқты дөрекілеу болды. Ол осы қалпында жалғастыра берсе, чемпион болуы әбден мүмкін", - деді америкалық журналист.


Join Telegram