10 наурыз 2015 | 16:47

Ресей сарапшысы Қанат Исламның промоутерін сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нельсон Лопез бен Қанат Ислам. ©nelsonspromotion.com Нельсон Лопез бен Қанат Ислам. ©nelsonspromotion.com

Ресейдің бокс пен жекпе-жек саласының сарапшысы Сергей Завилейский қазақстандық боксшы Қанат Исламның промоутерін сынға алды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Сарапшының айтуынша, Исламның промоутері оның келесі қарсыласын дұрыс таңдамаған. Еске сала кетейік, Қанат Ислам 23 наурызда колумбиялық Карлос Кальванмен кездеседі.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің бокс пен жекпе-жек саласының сарапшысы Сергей Завилейский қазақстандық боксшы Қанат Исламның промоутерін сынға алды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Сарапшының айтуынша, Исламның промоутері оның келесі қарсыласын дұрыс таңдамаған. Еске сала кетейік, Қанат Ислам 23 наурызда колумбиялық Карлос Кальванмен кездеседі.

Сергей Завилейскийдің айтуынша, Кальван - Исламға сай келмейтін қарсылас. Ал мұндай "әлсіз" қарсыласты таңдау - промоутердің қателігі.

"Мен түсінбеймін, мұндай жекпе-жектің керегі не? Қанат Исламға неліктен тағы бір "қапшықты" таңдаған? Ол - қабілетті, болашағы бар боксшы. Менің ойымша, промоутерді ауыстыратын кез келді - Нельсон Лопез Исламды жоғары деңгейдегі жекпе-жектерге шығара алмайды, ілгерілеу жоқ", - дейді Завилейский.

Оның ойынша, Қанат Исламға титулдық жекпе-жекті Гуидо Николас Питтомен өткізуіне болатын еді.

"Салыстырып көріңіз, олар күн мен түн сияқты. Кальван тек "суперқапшықтарды" жеңді. Оның жолында екі мықты "қапшық" болған, бірақ ол олардан жеңіліп қалды. Исламға мұндай жекпе-жектің не керегі барын ұқпаймын. Оның қарсыласының рейтингі бұрмаланғаны анық", - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қанат Исламның келесі жекпе-жегі өтетін күннің белгілі болғаны туралы хабарлаған еді. 30 жастағы Қанат Ислам 23 наурызда Колумбияда 23 жастағы колумбиялық Карлос Кальванмен (10 жеңіс, 2 рет мерзімінен бұрын жеңіліс тапқан) жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек Исламның мансабындағы 19-ншы кездесу, ол бұған дейін өткізген 18 жекпе-жектің 15-інде мерзімінен бұрын жеңіп шыққан. Қазақстандық боксшы бұл жолы жаңа шапанмен шыға алады. Бұған дейін оның бірінші орта салмақ бойынша WBC International Silver титулына таласуға мүмкіндігі болды және оның қарсыласы ретінде аргентиналық Гуидо Николас Питто шығуы тиіс еді, бірақ бұл жекпе-жек болмай қалды. Ол жөнінде толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Карлос Кальван мен Сегундо Эррераның жекпе-жегі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети