25 ақпан 2015 10:05

Қанат Исламға арналған шапанның үлгісі жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Ислам. ©Alaman.kz Қанат Ислам. ©Alaman.kz

Қазақстандық боксшы Қанат Исламға арналған шапанның үлгісі жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандық боксшы Қанат Исламға арналған шапанның үлгісі жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Спорт журналисі Руслан Меделбек Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтында боксшы Қанат Исламға арналған шапанның нобайын көрсетті. Шапан көк және қара түсті, қазақы ою-өрнектермен көмкерілген. Кеуде тұсында және арқасында қасқырдың суреті салынған. 

Айта кетейік, Қанат Ислам - кәсіпқой рингте 18 рет жекпе-жекке шыққан WBA Fedelatin титулының иегері. 

Еске сала кетейік, отандық боксшылардың шаршы алаңға киіп шығатын шапаны жайлы әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір білдірген еді. Бұған дейін қазақстандық ақпарат құралдарында Геннадий Головкинге арналған шапан туралы хабар тарады. GGG ағылшын боксшысы Мартин Мюрреймен жұдырықтасуға өзіне сыйға тартылған шапанды киіп шыққан болатын.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети