01 тамыз 2014 09:39

Ресейлік боксшы Геннадий Головкинді рингке шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дмитрий Чудинов. Фото РИА Новости© Дмитрий Чудинов. Фото РИА Новости©

Ресейлік боксшы, WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы тұрақты әлем чемпионы WBA (Super) және IBO нұсқасы бойынша осы салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып. 


Ресейлік боксшы, WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы тұрақты әлем чемпионы WBA (Super) және IBO нұсқасы бойынша осы салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып. 

"Мен осы төбелеске жай дайын ғана емес, нағыз боксшымен бокстасуға құмар жас, адуынды боксшы ретінде осы кездесуге құлшынып отырмын. Егер мен өзімді осындай төбелесте сынап көрмесем, несіне бокспен айналысып жүрмін", дейді ресейлік боксшы. 

"Мен Геннадий Головкиннің соңғы кездесуін көрдім. Шынымды айтсам, Дэниэл Гилден көңілім қалды. Меніңше тұрақты чемпионның суперчемпионмен жұдырықтасуы ақылға сиярлық нәрсе. Көбісі Геннадий Головкинге шақ келетін қарсылас жоқ деп жатады. Міне, мен тұрған жоқпын ба, WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта тұрақты әлем чемпионы Дмитрий Чудинов. Біздің рингте кездесуіміз туралы келіссөздер ұзаққа созылып кетті. Менің негізгі міндетім залда шынығу екенін түсінемін, ал біздің рингке қашан шығатынымызды промоутерлер шешеді", дейді Д.Чудинов. 

Естеріңізге сала кетейік, 27 шілде күні Геннадий Головкин экс-әлем чемпионы австралиялық Дэниэл Гилмен қолғап түйістіріп, жеңіске жеткен болатын. Қазақстандық боксшы өзінің қарсыласын үшінші раундта сұлатып түсірді. Сөйтіп қазақстандық боксшы 30 кездесу өткізіп, өзінің 30-ыншы жеңісіне жетті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети