04 қыркүйек 2017 17:11

Санчес Головкинді қартайды деп сынағандарға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/ggolovkin © vk.com/ggolovkin

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес өзі жаттықтыратын спортшыға қатысты соңғы екі жекпе-жекте көңілге қонымсыз өнер көрсетті деп сын айтуышыларға жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес өзі жаттықтыратын спортшыға қатысты соңғы екі жекпе-жекте көңілге қонымсыз өнер көрсетті деп сын айтуышыларға жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл қызықты жағдай, адамдар осындай пікірлерді қалай жазады. Еш уақытта Флойд Мейвезерді әбден састырған Шейн Мозли кездесуінде, немесе Маркос Майдана жиі соққы алғанда ешкім америкалықтың қартайғаны туралы тіс жарып айтпады. Андре Уорд Сергей Ковалевті бірінші раундта нокдаунға түсіргенде де ешкім ештеңе айтпаған. Бұл мыйға қонбайды - орта салмақта Геннадийдің нокаут бойынша көрсеткіші өте жоғары, ол ешқашан нокдаунда болған емес, бірақ адамдар оның қартайып жатқанын айтып жар салуда", - дейді бапкер.

Айтуынша, Дэнни Джейкобс орта салмақтағы екінші мықты боксшы болды. "Келл Брук жартылай орта салмақта жеңіліп көрмеген. Осы екеуімен кездесулердің оңайға соқпайтынын барлығы білді. Бұл жігіттер сапалы қарсылас бола алды, Геннадийді не үшін сынға алатынын түсінбеймін", - деді Санчес On the Ropes Boxing Radio әуе толқынына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети