18 қыркүйек 2017 17:39

Сәпиев Головкинге Альваресті талқандауға не кедергі болғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Геннадий Головкин нокаутқа түсірер бір соққы жасауға ұмтылды, мексикалық Сауль "Канело" Альварес жеңіл әрі жылдам соққылар жасап отырды. Бокстан Олимпиада чемпионы және Мәжіліс депутаты Серік Сәпиев Головкинге Альваресті талқандауға не кедергі болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Геннадий Головкин нокаутқа түсірер бір соққы жасауға ұмтылды, мексикалық Сауль "Канело" Альварес жеңіл әрі жылдам соққылар жасап отырды. Бокстан Олимпиада чемпионы және Мәжіліс депутаты Серік Сәпиев Головкинге Альваресті талқандауға не кедергі болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Барлығы да Генаның жойқын бір соққы жасауға ұмтылғанын көрді, ал Альварес жеңіл әрі жылдам соққылар жасап отырды. Меніңше, Головкин де жеңіл әрі жылдам соққылар жасауы керек еді. Сосын өздігінен жойқын соққы жасауға сәт түсер еді. Менің ойымша, Гена бірінші раундтан бастап нокаутқа түсіруді ойламай, жұдырықтасу туралы ойлағаны дұрыс болар еді", - деді Серік Сәпиев. 

Сәпиев осы кездесуге Альварестің тиянақты дайындалғанын жеткізді. 

"Бірінші раундтан бастап-ақ жекпе-жектің ауыр болатынын сездім. Менің ойымша, Гена келесі жекпе-жегінде жойқын соққы жасауға оқталмай, жақсырақ дайындалып, оны зерделеп, жиі жұдырықтасқаны дұрыс шығар", - деді Сәпиев. 

Серік Сәпиевтің жеке бағасы бойынша, 7:5 есебімен Головкин жеңген. Бұл оймен ММА ұлттық федерациясы және ҚР панкратион президенті Айдар Махметов те келісті. 

"Альварестің қорғаныс рефлекстері тым жоғары болды, сонымен қатар, ол физикалық тұрғыдан жойқын әрі мықты боксшы. Бәлкім Гена қарсыласының денесіне соққы көбірек жасауы керек еді, алайда "Канело" әрдайым оң шынтағымен бауырын жауып жүрді. Мексикалық боксшы осы жекпе-жекке жақсы дайындалып келген деген сөз", - деді Махметов. 

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети