23 ақпан 2017 11:04

Сауль Альварес Головкиннің салмағына өтетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vRINGe.com © vRINGe.com

WBO тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (48-1-1, 34 КО) отандасы кіші Хулио Сезар Чавеспен 50-2-1, 32 KO) өтетін кездесуден кейінгі жоспарларымен бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


WBO тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (48-1-1, 34 КО) отандасы кіші Хулио Сезар Чавеспен 50-2-1, 32 KO) өтетін кездесуден кейінгі жоспарларымен бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Альварестің айтуы бойынша, бұл жекпе-жектен кейін ол чемпиондық атағын қорғайтын кездесу өткізуге мүдделі емес екен. Керісінше Сауль салмақ ауысытырып, орта орта салмаққа көшеді екен.

"Бұл кездесуден кейін мен тек орта салмақта жұдырықтасатын боламын. Мен командаммен бұл туралы ақылдастым. Алдағы жоспарым - орта салмаққа ауысу. Мен бірінші орта салмақта чемпиондық атағымды қорғамаймын. Чавеспен болатын жекпе-жекке келетін болсам, бұл кездесуде екеуміз де тәуекелге бел буып отырмыз. Ол бірнеше келі тастаса, мен керісінше бірнеше келі қосуым керек. Кейде бокста мұндай тәжірибеге бару керек. Мен алдағы жекпе-жек туралы уайымдап отырғаным жоқ", - деп келтіреді Альварестің сөзін BoxingScene.com.

Айта кетейік, орта салмақтағы қазіргі уақыттағы ең мықты боксшы Геннадий Головкин 36-0, 33 КО). Қазақстандық боксшы бұл салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдарының чемпионы. 2016 жылдың мамырында "Канело" Әмір Ханды жеңгеннен кейін жұртшылықтың көзінше GGG-ді жекпе-жекке шақырған еді. Бірақ арада бірнеше ай өткеннен кейін ол өзінің орта салмақтағы WBC тұжырымының чемпиондық белбеуінен бас тартып, бірінші орта салмаққа ауысып кеткен еді. Ал белбеу болса Головкинге берілді.

Сөйтіп өткен жылдың тамызында ол сол кезде WBO тұжырымының чемпионы Лиам Смитқа (23-0-1, 13 КО) қарсы кездесу бірінші орта салмақтағы соңғы кездесуім деп мәлімдеген болатын.

Дегенмен ол жекпе-жектен кейін де "Канелоның" орта салмаққа ауыспайтыны белгілі болды. Оның алдағы кіші Чавеспен өтетін кездесуі де біріні орта салмақ - 164,5 фунтта болады. Осы кездесуден кейін енді мексикалық боксшы нақты орта салмаққа ауысуы ықтимал.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети