02 қараша 2014 11:28

Серхио Мора қомақты сыйақы берілсе ғана Головкинмен жұдырықтасуға дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серхио Мора. ©REUTERS Серхио Мора. ©REUTERS

Америкалық боксшы-кәсіпқой, WBC тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы (2008) Серхио Мора сыйақысы жақсы төленсе ғана Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын, - деп хабарлайды Boxingscene.com порталына сілтеме жасаған Vesti.kz.


Америкалық боксшы-кәсіпқой, WBC тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы (2008) Серхио Мора сыйақысы жақсы төленсе ғана Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын, - деп хабарлайды Boxingscene.com порталына сілтеме жасаған Vesti.kz.

Мора порталға берген сұхбатында жарты миллион доллар төленсе ғана жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтты. "Рубио 600 мың долларға жуық ақша алды, артық салмағы үшін 100 мыңы шегеріледі, Кертис Стивенс 300 мың долларға жуық табыс тапты, Гил - 600 мың доллар. Бұл - Геннадий Головкинмен кездесу үшін төленетін тәуір ақша. Егер мен де сондай сыйақы жөнінде уағдаласатын болсам, бұл жекпе-жек ол Мюррейді нокаутқа жібергеннен кейін өтеді. Бірақ егер сыйақы 100 немесе 200 мың доллар болса, онда мен боксшылардың басқа санатынан өзге бір адаммен, мысалы, Дэниел Джейкобспен немесе Джермейн Тейлормен жекпе-жекке шығуды жөн санаймын", - деді Мора. 

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 21 ақпаны күні Геннадий Головкин Монакода Мартин Мюрреймен кездеседі. Қазақстан боксшысы үшін бұл кәсіби шаршы алаңдағы 32-жекпе-жек болады. Мұның алдындағы жекпе-жектердің бәрінде Головкин жеңіске жетті. Ал Мюррей 29 рет жеңіске жеткен, оның 12-сін мерзімінен бұрын аяқтады, бір рет жеңіліп, бір рет тең түскен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети