12 тамыз 2016 10:32

Шешесі қазақ боксшы Олимпиадада Ниязымбетовке қарсы шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теймур Мамедов. © radioazadlyg.org/ Теймур Мамедов. © radioazadlyg.org/

Қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетовтің Рио Олимпиадасының ширек финалындағы қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетовтің Рио Олимпиадасының ширек финалындағы қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ниязымбетов 15 тамызда Әзірбайжанның намысын қорғайтын Теймур Мамедовпен жұдырықтасады. Жекпе-жек Астана уақыты бойынша сағат 4.45-те басталады және оны "Хабар" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.  

1/8 финалда Ниязымбетов белорус Михаил Долголевецті айқын басымдықпен жеңген еді. Өз кезегінде Мамедов нидерландтық Петер Мулленбергтен басым түсті.

23 жастағы Мамедов Әзірбайжанның үздік боксшыларының бірі. Ол Еуропа чемпионатында және Еуропа ойындарында жеңімпаз атанған, ал 2012 жылы Лондондағы Олимпиадада қола медаль алған болатын. Ал осы жылы Мамедов Олимпиаданың ашылу салтанатында Әзірбайжан құрамасының туын ұстап шықты.

Мамедовтың ата-анасы Шымкенттің тумасы екен, ал шешесінің ұлты - қазақ. Теймурдің өзі Қазақстанға туысқандарына келіп тұрады екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети