01 наурыз 2020 12:50

"Соғыс енді басталады". Фьюриден жеңілген Уайлдер жанкүйерлерге үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Fightnews.info © Fightnews.info

Супер ауыр салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деонтей Уайлдер жанкүйерлерге арнап видеоүндеу жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Америкалық боксшы соғыстың енді басталғанын және ұлыбританиялық боксшы өзінен тартып алған белбеуді қайтаруға бел буып отырғанын жеткізді. 

Айта кетейік, Фьюри - Уайлдер кездесуінде америкалық боксшы екі рет нокдаунда болды және жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді. Оның командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартып, орамалды шаршы алаңға лақтырды. Бұл реванш болатын, олардың бірінші кездесуі 2018 жылы желтоқсанда өтіп, тең аяқталған еді. 

"Менің жанкүйерлеріме сәлем. Менің қолдаушыларыма, ұлтыма сәлем. Әлемдегі барлық жанкүйерлеріме айтамын. Мен осында қала беремін, ешқайда кетпеймін. Короліңіз сіздермен бірге. Біз ешқайда кетпейміз. Соғыс енді басталады. Мен қайта көтерілемін. Мен мықтымын. Корольмін әрі жауынгермін, ешқашан берілмейтін корольмін. Өлгенше айқасамын да титулды қайтарамын. Бірнеше айдан соң қайта қауышамыз, соғы енді басталды. Бар махаббатыммен - менің адамдарым үшін", - деді Уайлдер Instagram желісіндегі парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Deontay Wilder (@bronzebomber)

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети