Сондерс Головкин мен "Канело" жекпе-жегіне қатысты ойын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сондерс Головкин мен "Канело" жекпе-жегіне қатысты ойын айтты Билли Джо Сондерс. © World Boxing News

Ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерс Головкин мен Альварестің реваншынан қандай нәтиже күтетінін айтты, деп хабарлады Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерс Головкин мен Альварестің реваншынан қандай нәтиже күтетінін айтты, деп хабарлады Vesti.kz.

"Мен "Канело" рематчқа лайықты деп есептемеймін, себебі одан допинг табылды, одан сол препарат анықталды емес пе, олай болса Головкиннің оны ұрып, содан кейін нокаутқа түсіргенін көргім келеді.

Менде қазір белдік бар және мен IBF белдігіне Джейкобс ие болады деп үміттенемін, себебі оны ойсырата жеңген Головкин болатын және мен оны аса құрметтеймін. Басқа белдіктерге қатысты айтар болсам, егер жеңімпаз (GGG - "Канело" жекпе-жегінің - Авт.) менімен кездескісі келсе, мен ол жекпе-жекті қуана қабылдаймын. Егер қаламаса, мен де біреудің артынан жүгірмеймін. Бірақ, қашпаймын да", - деді Сондерс SecondsOut.com сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін жартылай орта салмақта әлемнің экс-чемпионы америкалық Шон Портер Головкин мен Альварестің реваншына қатысты өз болжамын жасады.

Еске сала кетейік, қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кімнің мықты екенін анықтай алмаған еді.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети