Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс BBC Radio 2 радиоарнасына берген сұхбатында WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) 24 маусымда Лондонның О2 Arena залында жекпе-жек өткізуі мүмкін екендігін жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, осы аренада Головкин басқа бір ұлыбританиялық боксшы - Келл Брукпен жекпе-жек өткізген болатын. Кездесу 2016 жылы 10 қыркүйекте өтті және бесінші раундта Бруктың командасы шаршы алаңға орамал лақтырғаннан кейін, кездесу тоқтатылды. Бұл жекпе-жектің видеосын мына жерден көруге болады.
Осыған дейін америкалық белгілі бокс сарапшысы Дэн Рафаэль Espn.com басылымына берген сұхбатында Головкин-Сондерс жекпе-жегінің қашан және қайда өтуі мүмкін екенін айтқан еді. Оның айтуынша, GGG - Сондерс жекпе-жегі Ұлыбританияда өтпейді. "Келіссөздерге қатысты мәселелердің барлығы шешілсе, кездесу 10 маусымда Қазақстанда өтеді", - деген еді ол.
Еске салайық, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.
Айта кетейік, инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжанады, алайда келіссөздер әлі де жүріп жатыр.