Сондерс Головкинмен өтуі мүмкін жекпе-жектің уақыты мен орнын атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сондерс Головкинмен өтуі мүмкін жекпе-жектің уақыты мен орнын атады

Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс BBC Radio 2 радиоарнасына берген сұхбатында WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) 24 маусымда Лондонның О2 Arena залында жекпе-жек өткізуі мүмкін екендігін жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, осы аренада Головкин басқа бір ұлыбританиялық боксшы - Келл Брукпен жекпе-жек өткізген болатын. Кездесу 2016 жылы 10 қыркүйекте өтті және бесінші раундта Бруктың командасы шаршы алаңға орамал лақтырғаннан кейін, кездесу тоқтатылды. Бұл жекпе-жектің видеосын мына жерден көруге болады. 

Осыған дейін америкалық белгілі бокс сарапшысы Дэн Рафаэль Espn.com басылымына берген сұхбатында Головкин-Сондерс жекпе-жегінің қашан және қайда өтуі мүмкін екенін айтқан еді. Оның айтуынша, GGG - Сондерс жекпе-жегі Ұлыбританияда өтпейді. "Келіссөздерге қатысты мәселелердің барлығы шешілсе, кездесу 10 маусымда Қазақстанда өтеді", - деген еді ол.

Еске салайық, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.

Айта кетейік, инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжанады, алайда келіссөздер әлі де жүріп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети