Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Невада штатындағы (NSAC) Спорттық комиссияның басшысы Боб Беннетт WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің жекпе-жегінде төреші болған әйелдің жұмысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, бүгінгі төрешілер шешімі қоғамда үлкен дау шығарған болатын.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Невада штатындағы (NSAC) Спорттық комиссияның басшысы Боб Беннетт WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің жекпе-жегінде төреші болған әйелдің жұмысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, бүгінгі төрешілер шешімі қоғамда үлкен дау шығарған болатын.

Бүгін кездесуде Аделейд Берд есімді төреші әйел басқа төрешілер Головкиннің пайдасына дауыс беріп жатқанда, керісінше, Альварестің пайдасына дауыс берген (118-110) болатын.

"Меніңше, Аделейд мықты судья. Ол 115-тен аса титулдық жекпе-жектерді өткізді. Біздің тренингтерде үлкен жұмыстар атқарады. Менің ойымша, судья - өте қиын жұмыс. Өкінішке қарай, Аделейд артық кетті, бірақ мен оны ақтап жатқан жоқпын. Бірақ болған нәрсе болды енді", - деді Боб Беннетт.

Ресейлік маман Григорий Стангрит NSAC басшысына сілтеме жасай отырып, Берддің үлкен жекпе-жектерден шеттетілетінін айтты. Ал осыған дейін бірінші орта салмақтағы америкалық боксшы Теренс Кроуфорд осы төрешінің жұмыстан босатылуын талап еткен екен.

Айта кетейік, бүгін Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro