26 мамыр 2019 13:59

"Таза жеңіс". Елеусіновтің менеджері қиындықтар мен келесі жекпе-жек жайлы

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Matchroom Boxing © Matchroom Boxing

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (7-0, 3 КО) менеджері Зия Әлиев Vesti.kz тілшісіне Олимпиада чемпионының келесі жекпе-жегі туралы әңгімеледі. 


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (7-0, 3 КО) менеджері Зия Әлиев Vesti.kz тілшісіне Олимпиада чемпионының келесі жекпе-жегі туралы әңгімеледі. 

Ол сондай-ақ, Елеусінов жеңген чилилік Луис Норамбуэномен болған жекпе-жекке ойын айтты.

"Данияр үшін қарсыласы ыңғайсыз болды. Ол чилилікке дағдыланып, оның қалай жұмыс істейтінін түсінуге тырысты. Нәтижесінде Данияр таза жеңіске жетті. Енді келесі кездесуді күтеміз, ол 27 шілдеде болады. Техаста - Далласта. Келесі аптада немесе екі апта ішінде нақтысы анықталады деп ойлаймын. 

Данияр он күннен кейін жаттығуларын бастайды. Қазір ол демалып жатыр. Жағдайы жақсы, үлкен жарақаты жоқ. Жекпе-жек кезінде баспен соқтығысқан, беті біраз ісіп кетті. Қолы сау. Барлығы жақсы", - деді Әлиев.

Еске салсақ, қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов АҚШ-та жетінші кәсіби жекпе-жегін өткізіп, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети